БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

  • Post author:
  • Post category:Новости

ӘӨЖ беттің жоғарғы сол жағында басылады. Жиектері: барлық жағынан 2 см. Бағдарлау: кітап, ені бойынша теңестіру. Шрифт: көлемі (кегль) – 14, типі — Times New Roman. Мәтіннің аралық интервалы — 1. Абзац шегінісі: 1,0. Беттер нөмірленбейді. Суреттер, графиктер және кестелер MS Word бағдарламасында орындалуы және беттен шықпауы тиіс. Суреттің атауы және нөмірі суреттің төменгі жағында, кестенің атауы мен нөмірі кестенің жоғарғы жағында көрсетіледі. Әдебиеттерге сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек. Әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Мақаланың тақырыбы бас әріптермен жазылады. Төменде — кіші әріптермен автордың тeгi мен аты. Келесі жолда оқу орнының, қаланың, мемлекеттің атауы; содан ары бір жол қалдырып – мақаланың мәтіні. Қосалқы авторлардың саны 3-ден көп емес. Мақала мәтіні 4-5 беттен аспауы қажет. Мақала плагиатқа түпнұсқалығы 75% кем болмауы керек. Конференция материалдарының халықаралық ISBN, ӘӨЖ және ББК берілуімен басылымға шығарылады. Конференция MS Teams жүйесінде онлайн өтеді. Конференция уақыты көрсетілген MS Teams сілтемесі әр қатысушыға жеке жіберіледі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушының тіркеу нысаны: