Өткен сенбіде қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Туристік-Қолданбалы» бөлімінің «Спорттық туризм және Өлкетану» үйірмелерінің ұйымдастыруымен оқушыларды Тұранның төрі атанған Түркістан облысына экскурсияға барды.
Саяхат сабақтың басты мақсаты үйірме мүшелеріне Қазақстанның жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындары тізіміне енген нысандарды насихаттау. Саяхат сабақ барысында «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Айнұр Амангелдіқызы тақырып бойынша ежелгі қаланың тарихымен таныстырып өтсе, «Спорттық туризм» үйірмесінің жетекшісі Досмайлов Бақытбек «Қазақстандағы Венеция», «Керуен –Сарай» туристік кешендері мен мәдени орындарын, жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер жүрген көшелерді аралатты.
Түркістан табиғаты келген жас қонақтарды бей — жай қалдырмады. Саяхат барысында тарихымен, қаланың, облыстың қалыптасуымен танысуға, қызықты орындарды көруге, аймақты тереңінен тануға мүмкіндік болды. Одан бөлек оқушылар «ТҮРКІСТАН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТӨРІ» атты концерттік қойлымды тамашалады.