Вы сейчас просматриваете Құрметті, Ұстаздар қауымы!

Құрметті, Ұстаздар қауымы!

  • Автор записи:
  • Рубрика записи:Жаңалық

Біз- еліміздің ертеңін өз қолымызбен қалап жатқан шебер де ұста қауымбыз. Ұстаздықтың ұлық емес, Ұлы қызмет саналуы да сондықтан. 

Арқалатар жүгі ауыр болғанымен, шығарар шыңы биік мұғалімдік- жүрекпен таңдалатын мәртебелі мамандық. Осындай киелі қызметті қалтқысыз атқарып жүрген барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Шәкірттеріміз білім байрағын биікте желбіретіп,отансүйгіш, елжанды,еңбекқор ұрпақ болып, сенімдер ақтала берсін! Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін.

ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!