Вы сейчас просматриваете Шахмат челенджі өтті

Шахмат челенджі өтті

  • Автор записи:
  • Рубрика записи:Жаңалық

Бүгін 12 сәуір күні Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелі орталығында шахмат челенджі өтті.

Шахмат — бұл спорт, ғылым және өнер.

Шахмат ой-сананың белсенділігін қалайтындықтан, бұл ойын кез-келген адамды тереңге жетелеп, сананы тапқырлыққа баулиды. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу сияқты адамға өте қажет қасиеттерді бала санасына орнықтырады.

Челленждің мақсаты: оқушылардың өмірге қажетті әлеуметтік тәжірибені игеруіне, интеллектуалды қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, әр оқушының оқудан бос уақытында жан-жақты дамуына және әлеуметтенуіне, әр түрлі жастағы оқушының ойлау өрісінің жоғары деңгейде дамуына жағдай жасау.

Толық фото ақпарат Facebook парақшасында.