Домбыра үйірмесінде»Өмірін қобызбен өрнектеген», Актерлік шеберлік үйірмесінде «Өмірдің өзі-театр» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледж оқытушысы қобызшы Ағыраев Тоқтармен өткен кездесу форматындағы тәрбие сағаты балалардың қобыз аспабына деген қызығушылығын оятып, ерекше әсерлі өтті.
Үйірме оқушыларының домбырада ойнаған «Балбырауын» күйіне қобыз аспабымен үн қосқан өнерлі оқытушыға және оның шәкіртіне оқушылар ризашылықтарын білдіріп, естелік кітап сыйлады.
Ал болашақ актерлер Н. Бекежанов атындағы драма театрының әртістерімен кездесіп, сұқбат құрды, өнер жолының қыр-сыры жайында өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.