Үйірме жұмысының мақсаты, ерекшелігі — балалар бір мезгілде бірнеше қолөнердің негізгі техникасын тереңдетіп оқып үйренеді: сурет салу, модельдеу, тоқу, түрлі материалдармен жұмыс жасау. Бұл техникалық әмбебаптылық балаға кез-келген материалдан қолөнер жасау өнерін игеруде жоғары деңгейге жетуге көмектеседі.