Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қастерлеуге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 20 қазан, 2022 жылы 25 қазан Республика күніне орай үйірме оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты «Ұшқыр ой», «Суретті сұрақтар» , «Кім көп біледі» кезеңдері бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, республикамыз жайында мәліметтер берілді.
Сонымен қатар «Көшбасшы» үйірмесінің дарынды, талантты оқушылар республика күніне арнап Отан, туған елге деген перзенттік ықыластарын білдіріп, өлең оқыды, және «Жыр- терме» үйірмесінің оқушылары жырдан шашу шашып, достарының ықыласына бөленіп, оқушылар үшін өте мазмұнды тәрбие сағаты болды.