Вы сейчас просматриваете «Оқушылар сарайы шақырады» ашық есік күні

«Оқушылар сарайы шақырады» ашық есік күні

  • Автор записи:
  • Рубрика записи:Жаңалық

Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет қала оқушыларының қосымша білім алуына жағдай жасап, кәсіби бағдар беру бағыты бойынша жүйелі жұмыс жасап отырған Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты «Қосымша білім беру оқу-әдістемілік орталығы» жұмысымен танысып, ата-аналармен кездесті.

Кездесу барысында басқарма басшысы орталыққа қарасты барлық үйірменің жұмысын бақылап, тәрбиеленуші оқушыларға жылы лебізін білдіріп, ата-аналарға балаларын уақытын тиімді ұйымдастыруға атсалысып жүргендеріне алғыс айтты.

Бұл орталықта бүгінде қала мектептері оқушыларының мың жарымға жуығын төрт бағыт бойынша жұмыс жасайтын үйірмелермен қамтамасыз етіп отыр.

Орталықта шәкірттер «Көркем-шығармашылық», «Туристік-қолданбалы», «Бейіндік оқыту бөлімдері» және «ІТ IMAQORDA балалар технопаркінің» жалпы саны 57 үйірмесінде уақыттарын тиімді өткізіп, кәсіби бағдар алады.

Орталықта сонымен қатар мектепалды даярлық топтары 200 баланы қамтып мектепке дейінгі білім береді.

Орталықтың педагогикалық құрамы педагог-зерттеуші, сарапшы,модераторлардан және педагогика, жаратылыстану ғылымдарының магистрлерінен, республикалық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілерден тұрады.

Білікті педагогтер республикалық, облыстық, қалалық семинарларда шеберлік сағаттарын өткізіп, Республикалық қосымша білім беру орталығының жоспарына сай өткізілетін біліктілікті арттыру курстарында теориялық және тәжірибелік дәрістер өткізеді.