Вы сейчас просматриваете «Кітапқа құмар құрдастар» акциясы

«Кітапқа құмар құрдастар» акциясы

  • Автор записи:
  • Рубрика записи:Жаңалық

13 қазан күні «Туристік — Қолданбалы» бөлімінің «Батик» үйірмесі оқушыларының қатысуымен «Кітапқа құмар құрдастар» кітапқұмарлар акциясы ұйымдастырылды.

Мақсаты үйірме мүшелеріне оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай- ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, кітап оқу дәстүрін арттыру. Акция барысында «Батик» үйірмесінің оқушылары өздері оқыған кітаптар туралы ойларын ортаға салып, бір – біріне қызықты сұрақтар қойып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Акцияға қатысқан оқушыларға «Бәрін таста да, кітап оқуды баста» ұранымен сыйлыққа кітаптар ұсынылды.